«Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі» ресми сайтына хош келдіңіздер!

Начальник отделения дороги Мелашенко Петр Иванович

Сайт беттерінен біздің компаниямыздың жұмысы туралы көп мәлімет алатындарыңызға сенімдімін.

Біздің мақсатымыз – Ресей мен Қазақстан экономикасының қажетіліктеріне жауап беретін, темір жол көлік қызметтеріне деген сұранысты қанағатаныру үшін заманауи көлік инфрақұрылымын құру, біздің клиентерімізге қызмет көрсету сапасын арттыру. Мен интерактивті қарым-қатынас жасау - қазіргі заманғы анықтай білу және мәселені тиімді шешудің кепілі деп білемін.

Сондықтан да интернет арқылы Сіздермен қарым-қатынас жасау негізгі ынтымақтастық және  өзара серіктестік қатынас жасауға септігін тигізеді деп ойлаймын!

Серіктестік қарым-қатынас

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі мен «Ресей темір жолы» ашық акционерлік қоғамы арасында 2008 жылға арналған өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов пен «РТЖ» ААҚ филиалы Оңтүстік Орал темір жолының бастығы Владимир Молдавердің Петропавл қаласында 23 сәуірде өткен кездесу барысында құжатқа қол қойылды.

 

СҚО әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша ООТЖ Петропавл бөлімшесі шығындарын субсидиялауға қаржы бөледі

Өткен аптаның соңында  Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Ресей темір жолы» ААҚ Оңтүстік Орал филиалы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Облыс әкімі Серік Біләлов пен «РТЖ» ААҚ филиалының бастығы Владимир Молдавер қол қойған құжатта облыс тұрғындары мен өнеркәсіптік кешенді темір жол тасымалымен қамтамасыз ету бойынша аймақтық ынтымақтастықтың негізгі ережелері анықталды.